Біз туралы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету орталығы»
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету орталығы»

Астана қаласының Тарихи-мәдени мұра объектілерін және  ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі орталық Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысына сәйкес құрылды.

Астана қаласы әкімдігінің Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың ғимараты республикалық маңызы бар ескерткіш болып табылады және XIX ғасырдың аяғындағы ағаш сәулет өнерінің өзіндік үлгілерінің біріне жатады.

Орталық Астана қаласының тарихи-мәдени мұрасын сақтау, қалпына келтіру және насихаттау жұмыстарын жүргізеді. Ескерткіштермен және мәдени маңызы бар объектілермен жұмыс істеу және олардың сақталуына бақылау жүргізіп, тарих және мәдениет ескерткіштерінің техникалық жай-күйін зерделеуді, ағымдағы жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады. Жыл сайын ескерткіштер тізімі жаңартылып, Астана қаласының жаңадан анықталған тарих және мәдениет ескерткіштерін қамтиды.

Мемлекеттің қорғауында тарихи-мәдени мұраның 46 ескерткіші бар, оның ішінде: 3 - республикалық және 43 - жергілікті маңызға ие.

Астана қаласы бойынша ескерткіштердің жалпы саны – 98 (оның ішінде: 46 тарих және сәулет ескерткіштері, 39 монументалды өнер ескерткіші және 13 археология ескерткіші).

Байланыс
Мекен-жай:
Отырар, 1/2
Кері байланыс
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз Сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз

Дербес деректерді өңдеуге келісім