Біз туралы Сәкен Сейфуллин музейі
Сәкен Сейфуллин музейі

Сәкен Сейфуллин музейі 1988 жылы 21 қаңтарда Қазақ ССР Министрлер кеңесінің төрағасы Н.Назарбаевтың №12-р жарлығы бойынша ашылды.

Сәкен Сейфуллин мұражайы - белгілі қазақ ақыны, жазушысы, драматург, педагог және мемлекет қайраткерінің атқарған қызметіне арналған мұражай. Мұражайдың ресми ашылуы 1988 жылы 20 ақпанда өтті.

С. Сейфуллин музейі ағаш сәулет өнері ескерткіші саналатын XIX ғ. бірінші жартысы мен XІX ғ. аяғында салынған ғимараттарда орналасқан. Музей 2 ғимараттан тұрады.

Бірінші ғимарат – бұрын көпес Казанцев Пётр Григоревичтің әкімшілік үйі болған. Шаруашылық қажетіліктері үшін салғызған. Кеңес үкіметі тұсында түрлі кеңселер орналасқан. Кейіннен  балабақша болып, 1988 жылға дейін жұмыс істейді. 1920 жылы осы ғимаратта редакция болған, С. Сейфуллин осында қызмет еткен.

Екінші ғимарат – музейдің әкімшілік үйі. Бұрын С.Сейфуллиннің досы, дәрігер Благовещенский Федор Ивановичтің үйі болған. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін бұл үйде әр түрлі кеңселер болып, кейіннен есеп мамандарының оқу орны болады. Соңынан қалалық статистика қарамағына беріледі.

Сәкен Сейфуллин мұражайының экспозициясы алты залда орналасқан және оған 5 мыңнан астам зат кіреді. Бұл негізінен жазушының әйелі мен туыстары мұражайға тапсырған жеке заттары, бірегей фотоматериалдар, кітаптар, ешкімге белгісіз құжаттар, мұрағат құжаттарының көшірмелері, газет қиындылары, сондай-ақ жазушының шығармашылығы мен өміріне арналған мүсіндер мен картиналар сияқты өнер туындылары.

Байланыс
Мекен-жай:
Ауезова көшесі, 20А
График работы:
СС-ЖС 09:00-18:00, дүйсенбі демалыс
Кері байланыс
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз Сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз

Дербес деректерді өңдеуге келісім