Сәкен Сейфуллин музейінде «Өнегелі өмір» атты кездесу өткізілді.
ҚР Мәдениет қайраткері, ұстаз, ақын, 20 жыл бойы «Сырсандық» ақындар клубын басқарған Оспан Сүлейменұлымен «Өнегелі өмір» атты тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға елімізге белгілі ақын-жазушылар, қоғам және мәдениет қайраткерлері, публицистер, ұстаздар мен өнер өкілдері қатысты.
