Hовости 18 мамыр «Халықаралық мұражайлар күнін» атап өтеді.
18 мамыр «Халықаралық мұражайлар күнін» атап өтеді.
18 мамыр «Халықаралық мұражайлар күнін» атап өтеді.

 

1978 жылдан бастап әлем елдерінің музей қызметкерлері 18 мамыр «Халықаралық мұражайлар күнін» атап өтеді.
 Осындай кәсіби мерекеде  Астана  қаласы әкімдігінің "Астана қаласының Бірлескен мұражайлар дирекциясы" МКҚК-ның «Саяси қуғын-сүргін және   тоталитаризм  құрбандарының  «АЛЖИР» мемориалды   мұражай кешені» «Музей түні» мерекелік шарасын ұйымдастырды. 
Тарихы тереңге жайылған, ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарының ақиқатын келушілер назарына ұсынды. Музей кешкі 21:00 дейін жұмыс жасады. 
Айтулы күнге орай Сәкен Сейфуллин музейі де қала тұрғындары мен қонақтарына музей қорында сақталған, музейдің ашылған уақыттан бастап сыр шертетін жәдігерлер мен сирек фотосуретткерден құралған экспозицияны келушілер назарына ұсынды. Музей кешкі 23:00 дейін жұмыс жасады. «Музей түні» кәсіби мерекеге орай кіру құны тегін болды.

Кері байланыс
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз Сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз

Дербес деректерді өңдеуге келісім